Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша семинар
2024 жылдың 15 қазанында Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлының қатысуымен ШЖҚ «Мониторинг және талдау орталығы» КМК қызметкерлері арасында Әдеп кодексін сақтау маңыздылығы және мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметкерлері ұстануға тиіс «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер түсіндірілді. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе туысқандардың бірлескен қызметіне жол бермеу, ҚР аумағынан тыс шетелдік банктерде шот ашу, иелену, қолма-қол ақша алу және құндылықтарды сақтауға тыйым салу мәселелері қаралды.